Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Абай облысында сотталған ерлі-зайыптылар ZOOM арқылы сөйлесті

Абай облысында ҚАЖД-ға қарасты қауіпсіздігі аралас мекемесінде жазасын өтеп жатқан 3 сотталған азамат ZOOM арқылы әйелдер колониясында жазасын өтеп жатқан әйелдерімен сөйлесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Бұл ерлі-заптылар бірге жасаған қылмыстары үшін жазасын өтеп жатыр.

Сотталған азаматтар мекеме әкімшілігіне жұбайларымен сөйлескісі келетінін айтқан. Содан екі колонияның тәрбие және әлеуметтік-психологиялық жұмыс бөлімдерінің қызметкерлері онлайн кездесу ұйымдастырды. Сотталғандардың бірі темір торға қамалғалы бері әйелімен алғаш рет тілдесіп отырғанын айтты.

Колония әкімшілігінің айтуынша, Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексінің 109-бабына және ішкі тәртіп қағидаларына сәйкес сотталған азаматтардың туыстарымен телефон арқылы сөйлесуге құқығы бар (15 минут).

Бұған дейін де колонияда видеоконференция арқылы кездесулер ұйымдастырылған. Мекеме бастығының орынбасары Айдын Калелов бүгінгі кездесудің сотталғандардың әйелдерінің жазбаша өтініштері негізінде өткізілгенін айтты.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру