Абай облысында сотталғандар арасында шахмат турнирі өтті
Абай облысында сотталғандар арасында шахмат турнирі өтті, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Абай облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты қауіпсіздігі барынша төмен №21 мекемеде Республика күніне орай сотталғандар арасында шахматтан жарыс ұйымдастырылды.

Іс-шараның басты мақсаты – сотталғандардың бос уақытын тиімді өткізуіне мүмкіндік жасау, олардың ой-өрісін кеңейтіп, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту. Сонымен қатар мұндай жарыстар түзету мекемелерінде салауатты өмір салтын насихаттап, өзара сыйластық пен ынтымаққа негізделген ортаны қалыптастыруға бағытталған.
Турнирге қатысушылар жоғары деңгейдегі дайындықтарын көрсетіп, әр партия қызу да тартысты жағдайда өтті. Жарыс қорытындысы бойынша үздік нәтиже көрсеткен қатысушылар мекеме әкімшілігі тарапынан мақтау қағаздарымен және естелік сыйлықтармен марапатталды.
Мекеме бастығының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары, әділет майоры Р. Берлібековтың айтуынша, алдағы уақытта да сотталғандардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру мақсатында түрлі спорттық және мәдени шаралар жүйелі түрде өткізілмек. Бұл бастама олардың оң бағыттағы өзгерістерге ұмтылуына және қоғамға бейімделу дағдыларын қалыптастыруға септігін тигізеді.
