Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Абай облысында сотталғандар арасында үстел ойындарынан турнир өтті

Абай облысында сотталғандар арасында үстел ойындарынан турнир өтті, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Абай облысындағы қауіпсіздігі аралас мекемеде, Ұлы Жеңістің 80-жылдығын тойлау аясында сотталғандар арасында үстел ойындары: шашка мен шахматтан турнир ұйымдастырылды.

Турнирге әрбір жасақ ішінде ұйымдастырылған ойындар жеңімпаздары, барлығы 10 сотталған қатысты. 5 сағатқа созылған турнирде 5,6,9-жасақтарда ұсталатын үш сотталған жүлделі үш орынды қанжығалады.

— Ұлы Жеңістің 80-жылдығы аясында ұйымдастырылып жатқан барлық іс-шараларға сотталғандар белсене қатысуда. Қандай жағдай болса да, олар Отанының болашағына алаңдайтын, нанымдары барынша берік өз елінің азаматы болып қалады. Турнирдің негізгі мақсаты — сотталғанды қоғам өмірінен шектемей, олардың Отанға деген құрметін жоғалтпауы, — дейді сотталғандар арасында тәрбие жұмысын ұйымдастыру бөлім бастығы Асхат Керимханов.

Ойын соңында жеңімпаз 3 сотталған мекеме бастығының құқығымен мақтау қағаздарымен марапатталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру