Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Абай облысында сотталғандарға арнап "Шамшырақ" шығармашылық тобы өнер көрсетті

Абай облысында сотталғандарға зағип жандар өнер көрсетті, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Абай облысы бойынша ҚАЖД №19 мекемесінде ерекше мәдени іс-шара өтті. Сотталғандар алдында зағип және көру қабілеті шектеулі адамдардан құралған "Шамшырақ" шығармашылық тобы өнер көрсетті.

Концерт барысында әрбір вокалдық және аспаптық нөмір көрермендер тарапынан ерекше ықыласпен қабылданды. Тыңдаушылар әр туындыны үнсіздікпен тыңдап, шынайы шеберлік пен терең эмоциялық әсерге толы орындау үшін орындаушыларды ыстық қошеметке бөледі.

— Бұл концертті ұйымдастыру арқылы біз сотталғандарға өмірдің қандай жағдайында болсын, адал әрі мағыналы өмір сүруге болатынын көрсеткіміз келді. Зағип жандардың ерік-жігері мен табандылығы — өмірлік сабақ, — деді мекеменің тәрбие және әлеуметтік-психологиялық жұмыс бөлімінің бастығы Асхат Керімханов.

"Шамшырақ" тобының мүшесі Гүлзия Байжұманова да жүрекжарды лебізін білдірді:

— Біз тек ән емес, үміт жолдауын алып келдік. Егер біз көз жанарысыз да алға ұмтылып жүрсек, темір тордың арғы жағында тұрған әр адам да жаңа өмір бастауға қабілетті, - деді ол.

Бұл шара – рухани қолдауға, адамгершілік құндылықтарды ұлықтауға және екінші мүмкіндікке сенуге бағытталған тағылымды кездесу болды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру