Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Абай облысында сотталғандарға денсаулық сақтау шаралары туралы ақпарат берілді

Абай облысында сотталғандарға денсаулық сақтау шаралары туралы ақпарат берілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Абай облысы бойынша ҚАЖД мекемесінде Семей қалалық ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес орталығының қызметкерлері сотталғандар арасында АИТВ-инфекциясының таралуының алдын алуға бағытталған профилактикалық сабақтар өткізді.

Кездесу барысында инфекционист-дәрігерлер көрнекі түрде, бейнематериалдарды пайдалана отырып, қатысушыларға мінез-құлықты ерікті түрде және ұзақ мерзімге қауіпсіз бағытқа өзгерту жолдарын түсіндірді. Мамандар өмірден алынған көптеген мысалдар келтіріп, сондай-ақ адамдарды дер кезінде емделудің маңыздылығына сендіру кезінде медицина қызметкерлері кездесетін қиындықтар туралы айтып өтті.

Іс-шара барысында аурудың кезеңдері, АИТВ-инфекциясының жұғу жолдары, сондай-ақ жұқтырудың алдын алу мақсатында жеке бас гигиенасын сақтау мәселелеріне ерекше назар аударылды. Сонымен қатар, адам иммун тапшылығы вирусымен өмір сүретін адамдарға қатысты кемсітушілікті болдырмайтын әлеуметтік ортаны қалыптастыру мәселелері талқыланды.

— Сотталғандар көптеген сұрақтар қойып, оларға нақты әрі жан-жақты жауаптар алды. Көпшілігін АИТВ-инфекциясын емдегеннен кейін ағзаның қалпына келу факторлары, сондай-ақ бұл аурудың әлі дүниеге келмеген балаға ықтимал салдары қызықтырды. Сұрақтардың сипатына қарағанда, әрбір сотталғанның болашаққа деген арманы мен үміті бар екені байқалды. Себебі сенім — адамның өзін бақытты сезінуіне жауап беретін негізгі тетіктердің бірі, — деді атап өтті эпидемиолог-дәрігер Анна Потехинская.

— Мұндай кездесулерді Семей қаласының ЖИТС орталығының қызметкерлерімен тұрақты түрде өткізу қажет, өйткені сотталғандар осы аурулардың алдын алу шаралары мен түрлерін білулері тиіс, — деп атап өтті мекеме бастығының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Рустем Берлібеков.

Іс-шара соңында сотталғандар анонимді сауалнамаға қатысып, аталған тақырып бойынша ақпараттық жадынамалар алды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру