Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Абай облысында сотталғандарға шеберлік сабағы ұйымдастырылды

Абай облысындағы қауіпсіздігі аралас мекемесінде сотталғандар шаштараз курсынан өтті, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Абай облысындағы қауіпсіздігі аралас мекемесінде сотталғандар үшін қысқа мерзімді шаштараз курстары ұйымдастырылды. Сабақтарды көп жылдық тәжірибесі бар кәсіби шаштараз жүргізіп, өмірін өзгертуге ұмтылған адамдарға өз білімі мен дағдыларын үйретті.

Жобаның мақсаты – сотталғандарға сұранысқа ие мамандықты меңгерту, бұл оларға бостандыққа шыққаннан кейін тірек бола алады. Курс аясында қатысушылар шаштараз өнерінің негіздерін: шаш қию техникасын, шаш күтімін, санитарлық талаптарды және клиентпен қарым-қатынас жасау ережелерін үйренді.

Оқыту жүргізген шебердің осы салада он жылдан астам тәжірибесі бар және ол қаланың белгілі сұлулық салонында еңбек етеді. Ол сотталғандардың ынта-жігерін ерекше атап өтті:

— Мен олардың оқуға деген ықыласын байқаймын. Олар үшін бұл жай ғана сабақ емес, жаңа өмір бастау мүмкіндігі. Бұл мені де шабыттандырады, – деді ұстаз.

Сабақтар түзету мекемесінің аумағында арнайы жабдықталған бөлмеде өтті. Курс соңында қатысушыларға оқудан өткені туралы сертификаттар табысталды. Бұл құжаттар оларға бостандыққа шыққан соң жұмысқа орналасуға немесе жеке іс бастауға көмектеседі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру