Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Абай облысында сотталғандармен профилактикалық жұмыс жүргізілді

Абай облысында есірткі қылмысы үшін сотталғандармен және нарколог есебінде тұрғандармен профилактикалық жұмыс жүргізілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Абай облысы бойынша ҚАЖД жедел бөлімшесі қызметкерлері есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аға жедел уәкілі Жанболат Оралғазының, сондай-ақ Абай облыстық денсаулық сақтау басқармасына қарасты “Облыстық психологиялық денсаулық орталығының” нарколог дәрігері Андрей Анатольевичтің қатысуымен сотталғандардың есірткіні тұтынуы мен таратуының алдын алу мақсатында профилактикалық жұмыс жүргізілді.

Қауіпсіздігі орташа мекемеде қазіргі таңда есірткі қылмысы үшін 250-ге жуық сотталған жазасын өтеп жатыр, бұл — көбіне 25 пен 30 жас аралығындағы ауыр және аса ауыр қылмыстар жасағандар. Мысалы Абай облысының 28 жастағы тұрғыны есірткі затын — марихуана салынған екі пакет — үйдің маңында заңсыз сақтағаны үшін кінәлі деп танылып, 5 жылға бас бостандығынан айырылған.

Сондай-ақ мекемеде 18 бен 28 жас аралығындағы жастар жазасын өтеп жатыр. Олар тыйым салынған заттарды таратқаны үшін 6-10 жылға дейін бас бостандығынан айырылған.

- Мұндай қылмыс үшін қатаң жаза қарастырылған. Бүгін біз сотталғандарға қайталама құқық бұзушылықтар үшін қандай жаза күтіп тұрғанын, жаза өтеу тәртібінің күшейетінін, денсаулыққа зияны мен есірткі қолданудың салдарын айтып, көзбен көрсетіп түсіндіріп атап өттік, — дейді Абай облысы бойынша ҚАЖД жедел бөлімшесінің аға жедел уәкілі Алмас Толеуов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру