Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Абай облысында табиғатты қорғау заңнамасын бұзудың 80 дерегі анықталды

Абай облысында табиғатты қорғау заңнамасын бұзудың 80 дерегі анықталды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

20 қазаннан 19 қарашаға дейін Абай облысының аумағында табиғатты қорғау заңнамасын бұзушылықтарды, биологиялық ресурстардың заңсыз айналымын анықтау және экологиялық қылмыстардың алдын алу мақсатында "Браконьер" республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде.

Абай облысының полиция қызметкерлері табиғатты қорғау саласындағы құқық бұзушылықтарды анықтау және олардың алдын алу бағытындағы жұмысын күшейтті. Іс-шара басталған уақыттан бері табиғатты қорғау заңнамасын бұзудың 80 фактісі тіркелген. Оның ішінде: 52 дерек — аңшылық ережелерін бұзу; 15 дерек — балық аулау қағидаларын сақтамау; 4 дерек — тіркелмеген қаруды сақтау және пайдалану бойынша анықталған.

Құқық қорғау органдары облыс тұрғындары мен қонақтарына аңшылық пен балық аулау ережелерін, сондай-ақ қаруды қолдану тәртібін қатаң сақтау қажеттігін ескертеді. Табиғатты қорғау заңнамасын бұзу әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғады.

Уақытылы анықталған құқық бұзушылықтар мен қабылданған шаралар өңірдің биологиялық ресурстарын сақтауға, сондай-ақ азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру