Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Абай облысында террористік тұрғыдан осал нысандардың қорғалуын ұйымдастыру тақырыбында сабақ өтті

Абай облысының әкімдігінде ПД және ҰҚКД бейнеконференция форматында мемлекеттік қызметкерлергн маңызды оқыту сабағын өтті, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Бұл шараны полиция департаментінің күзет қызметін бақылау бөлімшесі мен экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері, сондай-ақ Ұлттық қауіпсіздік комитетінің департамент өкілдері ұйымдастырды.

Кездесуге облыс қалалары мен аудандары әкімдіктерінің жауапты қызметкерлері, мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты. Оқытудың басты мақсаты – террористік тұрғыдан осал нысандардың қорғалуын ұйымдастыруға арналған талаптар мен ұсыныстарды түсіндіру болды.

Іс-шара барысында қатысушыларға ықтимал қауіп-қатерлердің алдын алу үшін әрекет ету алгоритмдері таныстырылып, нысандардың қауіпсіздігін күшейту шаралары туралы егжей-тегжейлі ақпарат берілді. Мамандар тәуекелдерді уақытылы анықтау және мемлекеттік органдар мен құқық қорғау құрылымдарының бірлескен жұмысын қамтамасыз етудің маңыздылығын ерекше атап өтті.

Мұндай сабақтар тек қызметкерлердің кәсіби біліктілігін арттырып қана қоймай, өңірдегі жалпы қауіпсіздік жүйесінің нығаюына елеулі үлес қосатыны сөзсіз.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру