Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Абай облысында тоғыз шетелдік әйел Қазақстан азаматтығын жеңілдетілген тәртіппен алды

Абай облысында тоғыз шетелдік әйел Қазақстан азаматтығын жеңілдетілген тәртіппен алды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, жеңілдетілген тәртіп Қазақстан азаматына тұрмысқа шыққан және оның азаматымен заңды некеде тұрған шетелдік әйелдерге қолданылады. Аталған норма 1957 жылғы 29 қаңтардағы "Әйелдердің азаматтығы туралы" Конвенцияға негізделген. Бұл құжат 2000 жылғы 5 қаңтарда Қазақстан Республикасының Заңымен ратификацияланған.

Конвенция талаптарына сай, еліміздің аумағында заңды әрі тұрақты тұратын және Қазақстан азаматының жұбайы ретінде кемінде үш жыл некеде тұрған шетелдік әйел азаматтықты жеңілдетілген тәртіппен алу үшін өтініш бере алады. Өтініш облыстық полиция департаментінің басшысына, сондай-ақ өтініш берушінің бұрынғы азаматтығына жауапты шетелдік мемлекеттің құзыретті лауазымды тұлғасына жолданады. Бұрынғы азаматтықтан нотариалды куәландырылған бас тарту — міндетті шарт.

Биылғы жылдың қорытындысы бойынша Абай облысында осындай тәртіппен тоғыз шетелдік азаматша Қазақстан Республикасының азаматтығын алды. Олар Ресей, Қырғызстан, Тәжікстан және Украина мемлекеттерінен келген.

Абай облысы полиция департаменті миграциялық және азаматтық мәселелер бойынша барлық рәсімдердің ашықтығы мен талаптарға сай өтуін қамтамасыз ету бағытындағы жұмысын жалғастыруда.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру