Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Абай облысында "Түнгі қаладағы балалар" республикалық ЖПІШ аясында рейдтік жұмыстар басталды

Абай облысында "Түнгі қаладағы балалар" республикалық жедел-алдын алу іс-шарасы аясында рейдтік жұмыстар басталды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

27 шілдеден бері жүргізіліп жатқан бұл шара барысында құқық қорғау органдары мен мүдделі мекемелер бірқатар заңбұзушылықтарды анықтады.

Тек алғашқы тәуліктің өзінде ішкі істер органдарына түнгі уақытта көшеде жүрген 84 жасөспірім жеткізілді. Оның 81-і — әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін, ал 3-еуі — қараусыз қалған жағдайда табылған. Бұл үшеуі кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына орналастырылды.

Полиция дерегінше, кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта ата-анасының немесе заңды өкілінің еріп жүруінсіз көшеде жүргені үшін 80 ата-ана ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 442-бабының 2-бөлігіне сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұдан бөлек 3 заңды өкіл — баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін орындамағаны үшін (ҚР ӘҚБтК 127-бабы), 1 жасөспірім — ұсақ бұзақылық жасағаны үшін (ҚР ӘҚБтК 434-1-бабы) жауапқа тартылды.

Бір жасөспірім профилактикалық есепке қойылды. Сонымен қатар полиция есебінде тұрған 80 кәмелетке толмағанның тұрғылықты мекенжайы тексерілді.

Профилактикалық жұмыс аясында облыстағы бес жазғы лагерьде құқықтық тақырыпта түсіндіру дәрістері ұйымдастырылды. Ал интернет кеңістігін бақылау нәтижесінде балалардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін 20 мазмұн анықталып, олар бұғатталды.

"Түнгі қаладағы балалар" іс-шарасы 29 шілдеге дейін жалғасады. Оның негізгі мақсаты — жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу және оларды түрлі қауіп-қатерден қорғау.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру