Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Абай облысында түнгі уақытта жасөспірімдердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған іс-шара басталды

Абай облысында "Түнде қаладағы балалар" жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде, - деп хабарлайды Polisia.kz.

7–9 қараша аралығында Абай облысы аумағында кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған "Түнде қаладағы балалар" жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіліп жатыр.

Іс-шараның негізгі мақсаты – жасөспірімдер арасындағы қылмыстың алдын алу, олардың кешкі және түнгі уақытта заңсыз әрекеттерге жол бермеуін қамтамасыз ету, сондай-ақ құқықтық сауаттылығын арттырып, қауіпсіздігін күшейту болып табылады.

Профилактикалық шара барысында полиция қызметкерлері заңды өкілінсіз түнгі уақытта тұрғынжайдан тыс жүрген кәмелетке толмағандарды анықтау мақсатында рейдтер ұйымдастыруда.

Сонымен қатар мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесе отырып, есепте тұрған жасөспірімдердің тұрғылықты мекенжайлары, әлеуметтік қауіпті жағдайдағы отбасылар, ойын-сауық орындары мен жастар көп жиналатын басқа да нысандар тексерілуде. Тексеру кезінде тұрмыстық жағдайлар зерделеніп, ата-аналармен және заңды өкілдермен профилактикалық түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Құқық бұзушылықтар анықталған жағдайда заңнамаға сәйкес тиісті шаралар қабылданады.

Абай облысының полиция департаменті ата-аналар мен заңды өкілдерге балалардың бос уақытын қадағалап, түнгі уақытта ересектердің еріп жүруінсіз сыртқа шықпауын қамтамасыз ету қажеттігін ескертеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру