Абай облысында тұрмыстық зорлық-зомбылықты алдын алу мақсатында акция өтті
Абай облысында тұрмыстық зорлық-зомбылықты алдын алу мақсатында акция өтті, — деп хабарлайды Polisia.kz.
“Заң мен Тәртіп” тұжырымдамасы аясында полиция қызметкерлері халықтың тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы хабардарлығын арттыруға және осындай құқық бұзушылықтардан қорғау шаралары жөнінде ақпарат беруге бағытталған алдын алу акциясын өткізді.
Іс-шара барысында тұрғындарға зорлық-зомбылық белгілерін қалай анықтау керектігі, көмек алу үшін қайда жүгіну қажет екендігі және азаматтардың құқықтарын қорғау үшін қандай шаралар қабылданатыны туралы маңызды мәліметтер жазылған ақпараттық буклеттер таратылды.
Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу – полиция жұмысының басым бағыттарының бірі. Құқық бұзушылықтарды анықтап, жолын кесумен қатар, олардың алдын алу, азаматтарды ықтимал қауіптер мен қорғану тәсілдері туралы хабардар ету де маңызды.
Абай облысы полиция департаменті азаматтарды бей-жай қарамауға және қажет болған жағдайда көмекке жүгінуге шақырады. Немқұрайлылық біреудің өміріне қауіп төндіруі мүмкін, ал дер кезінде жасалған қадам қайғылы жағдайдың алдын алуға көмектеседі.