Абай облысында тыл еңбеккерлеріне Президенттің атынан мерейтойлық медальдар табысталды
Абай облысының тыл еңбеккерлеріне Президенттің атынан мерейтойлық медальдар ресми түрде табыс етілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Абай облысының полицейлері Семей қаласының аулаларында Ұлы Жеңіске тылда үлес қосқан ардагерлерге, погон таққан құқық қорғау саласының ардагерлеріне, өмірін Отанға қызмет етуге арнаған жандарға соғыс жылдарындағы әндерді орындады.
Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай 12 тыл еңбеккеріне Мемлекет басшысының атынан мерейтойлық медальдар табыс етілді.
Абай облысы полиция департаменті бастығының орынбасары Бейбіт Исақов пен Ардагерлер кеңесінің төрайымы Раиса Қосубаева ардагерлерге арнайы барып, құттықтауын жеткізді.
Бұл кездесулер – жай ғана құттықтау емес, ұрпақтар сабақтастығын жалғайтын тағылымды әрі рухани шара. Әрбір ән – құрметтің белгісі. Әрбір сөз – жүректен шыққан.