Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Абай облысында "Учаске" іс-шарасы барысында қару иелері тексерілді

Абай облысында "Учаске" іс-шарасы барысында құқық бұзушылықтар анықталды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

"Учаске" жедел профилактикалық іс-шарасы барысында құқық қорғау органдары қару иелерін тексеру жұмыстарын жүргізуде.
Іс-шара аясында 2000-ға жуық азаматтық қару иелері тексеріліп, олардың қаруды сақтау және пайдалану талаптарын қаншалықты сақтап отырғаны қадағаланды. Тексеріс нәтижесінде 33 құқық бұзушылық фактісі анықталды.

Сондай-ақ азаматтық және қызметтік қару айналымы қағидаларын бұзу бойынша 15 дерек анықталды. Бұл бұзушылықтар қарудың заңсыз сақталуы, рұқсат етілмеген жағдайда қолданылуы немесе тасымалдануы секілді түрлі сипатта болған. Құқық қорғау органдары аталған деректер бойынша тиісті шаралар қабылдады.

Мұндай іс-шаралар қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге және қарудың заңсыз айналымының алдын алуға бағытталған. Абай облысының полиция департаменті қару иелерінің жауапкершілігін арттыру және заңнама талаптарының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында бақылау жұмыстарын жүйелі түрде жалғастыратын болады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру