Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Абай облысында "Учаске" жедел профилактикалық іс-шарасы аясында шаруа қожалықтары мен қыстақтар тексерілді

Абай облысында "Учаске" жедел профилактикалық іс-шарасы аясында шаруа қожалықтары мен қыстақтар тексерілді, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Абай облысында құқықтық тәртіпті сақтау және тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында "Учаске" жедел профилактикалық іс-шарасы жалғасуда. Бұл жолы назар шалғайдағы шаруа қожалықтары мен қыстақтарға аударылды.

Іс-шара барысында облыс көлемінде 1830 шаруа қожалығы мен қыстақ тексерілді. Онда 3 мыңнан астам адам тұрады. Тексеру жұмыстары құқық бұзушылықтардың алдын алу, азаматтардың қауіпсіздігін сақтау, сондай-ақ алыс аймақтардағы құқықтық мәдениетті көтеру мақсатында жүргізілді.

Полиция қызметкерлері рейд кезінде құқықтық тәртіптің сақталуын, тіркеусіз тұрып жатқан азаматтарды, қаруды сақтау ережелерінің орындалуын мұқият қадағалап, тұрмыстық жанжалдардың алдын алу шараларына да баса назар аударды.

Сонымен бірге, тексерулер тек бақылаумен шектелмей, тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыру бағытында түсіндіру жұмыстары да жүргізілді. Ашық форматта өткен кездесулерде тұрғындар өздерін толғандырған сауалдарын қойып, полиция қызметкерлерімен еркін пікір алмасты.

"Учаске" іс-шарасы қоғамның құқықтық мәдениетін арттырып, азаматтардың заң алдындағы жауапкершілігін күшейтуге бағытталған маңызды қадам болып отыр. Оның нәтижесінде шалғайдағы ауыл тұрғындары өз құқықтары мен міндеттерін тереңірек түсініп, құқық қорғау органдарымен ынтымақтастықты нығайтуға ниет білдірді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру