Абай облысында "Учаске" жедел-профилактикалық іс-шарасы қарқынды түрде жалғасып жатыр
Абай облысында ІІО профилактикалық есепте тұрған 6000-нан астам азамат тұрғылықты жері бойынша тексерілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Бұл бастама – қоғамдық тәртіпті сақтау мен құқық бұзушылықтың алдын алуға бағытталған маңызды қадамдардың бірі. Іс-шара аясында полицейлер ішкі істер органдарының профилактикалық есебінде тұрған азаматтардың тұрғылықты мекенжайларына барып, тексеру және түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Әр кездесу – жай ғана тексеру емес, сенім мен өзара түсіністікке негізделген ашық әңгіме, қажет жағдайда қолдау көрсетуге бағытталған диалог болды. Нәтижесінде, 6000-нан астам азамат тұрғылықты жері бойынша тексерілді.
Аталған профилактикалық жұмыс – қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған маңызды шаралардың бірі. Тәртіп сақшылары тексеру барысында азаматтардың өмірлік жағдайларына мән беріп, қажет болған жағдайда оларды әлеуметтік көмек қызметтерімен байланыстыруға да атсалысты.
Құқық бұзушылықтың алдын алу – құқық қорғау саласындағы маңызды бағыттардың бірі. Осы мақсатта полиция қызметкерлері азаматтарға заң талаптарын түсіндірумен қатар, олардың құқықтық сауатын арттыруға да ерекше көңіл бөлуде.