Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Абай облысында "Учаске" жедел-профилактикалық іс-шарасы жалғасуда

Абай облысында "Учаске" жедел-профилактикалық іс-шарасы жалғасуда, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Абай облысында "Учаске" жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында нақты тұрғылықты мекенжайы жоқ азаматтарды анықтау және олардың әлеуметтік жағдайын зерделеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Іс-шараның негізгі мақсаты — қоғамдық тәртіпті сақтау, құқық бұзушылықтардың алдын алу, сондай-ақ әлеуметтік осал топтарға қолдау көрсету арқылы оларды қоғамға қайта бейімдеу.

Полиция қызметкерлері мен тиісті мекемелердің өкілдері жертөлелерді, қараусыз қалған және бос тұрған үйлерді, саяжай құрылыстарын, сондай-ақ жылу трассаларын жүйелі түрде тексеруде. Бұл жұмыстар азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және мүмкін болатын құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған.

Бүгінгі күнге дейін өмірлік қиын жағдайға тап болған, тұрақты тұрғылықты жері жоқ 34 азамат анықталды. Олардың әрқайсысымен профилактикалық әңгімелер жүргізіліп, құқықтары мен міндеттері түсіндірілді.

Полиция қызметкерлері мұндай тұлғалармен тұрақты түрде жұмыс жүргізіп, олардың құқықтық сауаттылығын арттыру, құқық бұзушылықтың алдын алу, зиянды әдеттерден арылуға жәрдемдесу және әлеуметтік бейімделуіне көмектесу бағытында түсіндіру шараларын жалғастыруда.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру