Абай облысында учаскелік инспектор тұрғындармен кездесті
Абай облысында учаскелік инспектор тұрғындармен кездесті, - деп хабарлайды Polisia.kz.
2025 жыл – Ішкі істер министрлігімен "Профилактика жылы" деп жарияланды. Осыған байланысты еліміздегі учаскелік полиция инспекторлары тұрғындармен тығыз байланыс орнатуға баса назар аударуда. Олар тек қылмыстарға әрекет ету ғана емес, оның алдын алу жұмыстарына да көңіл бөліп отыр.
Осы бағытта полиция қызметкері Фархат Уразбеков көпқабатты тұрғын үйдің тұрғындарымен кездесу өткізді. Іс-шара жылы әрі сенімді атмосферада өтіп, учаскелік инспектор интернет-алаяқтардың кең таралған айла-тәсілдері туралы баяндап, тұрғындарға қарапайым, бірақ тиімді кеңестер берді.
- Интернеттегі тым жақсы ұсыныстар көбіне алдаудың амалы. Ол тұрғындарды әсіресе әлеуметтік желілердегі сатып алулар кезінде абай болуға, бейтаныс адамдарға SMS арқылы келген кодтарды айтпауға және ақпараттың рас-өтірігін міндетті түрде тексеруге шақырды, - деді учаскелік полицей.
Сонымен қатар құқық қорғау қызметкері тұрмыстық қауіпсіздік шараларын еске салып, пәтер ұрлығынан қалай сақтануға болатыны туралы айтып берді.
Мұндай кездесулер бүгінде жақсы дәстүрге айналды. Өйткені учаскелік инспекторлар жанымызда жүргенде тұрғындар өздерін әлдеқайда сенімді әрі қорғалған сезінеді. Ал ашық диалог полицияға жергілікті мәселелерді жақсырақ түсінуге және жедел әрекет етуге мүмкіндік береді.
Профилактика сенімнен басталады, ал сенім ашық қарым-қатынастан.