Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Абай облысында учаскелік инспектор үйдің жанынан шыққан өртті ауыздықтады

Абай облысында учаскелік инспектор үйдің жанынан шыққан өртті ауыздықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

22 тамызда Бородулиха ауданының Камышенка ауылдық округіндегі үйлердің бірінде өрт шығып, ауладағы ғимараттар отқа оранған. Үйде жалғыз қалған кішкентай қыз өртті бірінші болып байқап, ата-анасына гараждың өртеніп жатқанын хабарлайды. 

Баланың анасы дереу жақын маңдағы полиция пунктінен көмек сұрайды. Ол жерде учаскелік инспектор Рашид Нұржанов пен полиция сержанты Әділ Қыдырманов болған. Олар тез арада оқиға орнына жетеді. Учаскелік инспектор өрт болған жерге келіп, бірден әрекет ете бастайды, ол өрт сөндіру бөлімдерін шақырып, өзі серіктесімен бірге жалынды қолда бар құралдармен сөндіре бастаған. Үй иесі оған гаражда тұрған екі газ балонының жарылып, қайғылы салдарға алып келуі мүмкін екенін хабарлайды. Ол шұғыл түрде көмекке келген жергілікті тұрғындарды эвакуациялап, өзі  жалынның бетін сумен қайтарып, өртті ауыздықтайды. Отты тез арада сөндіргендіктен бұл үйді ғана емес, көрші ғимараттарды да құтқаруға мүмкіндік берді. 

Бұл оқиға учаскелік полиция инспекторларының жұмысы жол қозғалысын реттеуге және кішігірім қақтығыстарды шешуге ғана байланысты емес екенінінің дәлелі. Олардың жауапкершілігі мен кәсібилігі қауіпсіздікті және адамдардың өмірін сақтауға, өмірімізді қауіпсіз етуге мүмкіндік береді. 

Естеріңізде болсын, кез-келгеніміз оқыс оқиғаның куәсі болып жатамыз және мұндай жағдайларда учаскелік полициядан көмек сұрауға болатынын білу маңызды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру