Абай облысында учаскелік полицей камераның көмегімен жоғалған баланы іздеп тапты
Абай облысында учаскелік полицей камераның көмегімен жоғалған баланы іздеп тапты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Абай облысының Чекоман шағын ауылында із-түзсіз жоғалған баланы іздеу жұмыстары жедел аяқталды. 8 жасар баланың жоғалғаны туралы хабарлама полицияға бірден келіп түсті. Баланы іздеуге жергілікті тұрғындар бірден шықты. Полиция қызметкерлері мен жергілікті атқарушы билік өкілдері дереу іздеуге қосылды. Шешуші рөлді бейнебақылау камералары атқарды.
Учаскелік полиция инспекторы Алмас Бейсенбеков пен ауылдық округтің әкімі Данияр Айдарбаев жазбаларды қарап, баланың мүмкін жүріп өткен бағытын және нақты орналасқан жерін анықтады.
Қосымша іздестіру жұмыстары барысында бала құдықтан табылды. Алдын ала мәліметтер бойынша, бала ол жерге кездейсоқ құлап түскен. Бетон плитаның астындағы шетінен бір бөлігі құлап, баланың түсіп кететін ойық пайда болған. Тәртіп сақшысы баланы аман-есен құтқарды, медициналық көмектің қажеті болмады.
Баланың анасы іздеуге қатысқан барлық адамдарға және көмек көрсеткендерге алғысын білдірді.
– Бейнебақылау жүйелері қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады. Бұл жағдайда камералар жедел әрекет етуге және баланың өмірін шын мәнінде құтқаруға көмектесті, - деп атап өтті Абай облысы полиция департаментінің бастығы Эльдар Данияров.
Полиция тұрғындарға әсіресе қыс мезгілінде балаларға ерекше көңіл бөлу қажеттігін еске салып, қауіпті учаскелер мен ашық инженерлік құрылыстар туралы ақпаратты уақытында хабарлауды сұрайды.
