Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Абай облысында учаскелік полицей жүк көлігінің жүргізушісіне алғашқы көмек көрсетті

Абай облысында учаскелік полицей жүк көлігінің жүргізушісіне алғашқы көмек көрсетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Абай облысында Бақты ауылының учаскелік инспекторы, полиция капитаны Қайсар Қабиров "Учаске" ЖІПШ аясындағы кезекші айналым кезінде шекара бекеті бағытында тоқтап тұрған жүк көлігін байқайды. Жүргізушіге жақындаған сәтте оның өзін нашар сезініп тұрғанын анықтады.

Полицей дереу алғашқы медициналық көмек көрсетіп, азаматты ауылдық ауруханаға жеткізеді. Онда жүргізушіге шұғыл түрде қажетті медициналық көмек көрсетілді. Учаскелік инспектордың жедел әрі дұрыс әрекеттерінің арқасында ықтимал ауыр зардаптардың алдын алуға және азаматтың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік туды.

Жүргізуші Андрей Довушкин жағдайы тұрақтанғаннан кейін полицейге көрсеткен қамқорлығы мен жедел көмегі үшін шынайы алғысын білдірді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру