Абай облысында үздік жедел уәкіл анықталды
Абай облысында үздік жедел уәкіл анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Семей қаласында үш күнге созылған «Үздік жедел уәкіл» облыстық байқауы өз мәресіне жетті. Жарысқа Абай облысы полиция департаментінің аумақтық бөлімшелерінен барлығы 12 қатысушы бақ сынасты.
Жас полицейлер жедел жұмыстың қыр-сырында, атыс және дене шынықтыру дағдылары бойынша жарысып, өздерінің кәсіби дағдыларын көрсете отырып, жаңа білім, тәжірибе алмасты.
Жарыс қорытындысы бойынша акт залында салтанатты рәсім өтті, оны ПД бастығының орынбасары Нариман Күлдіков ашты. Ол осы іс-шараларды өткізудің маңыздылығын атап өтіп, алғысөз сөйледі.
– Сіздердің ең үздіктеріңіз Абай облысы полиция департаментінің атынан еліміздің криминалдық полициясының үздік қызметкері атағы үшін конкурсқа қатысатын боласыздар. Біз өз полицейлерімізді мақтан тұтамыз, өйткені сіздер қылмыспен күресте алдыңғы қатардасыздар, кінәлілерді ұстауға қатысасыздар, қылмыскерлердің жеке басын анықтайсыздар, есірткі саудасымен күресесіздер, – деді Нариман Күлдіков.
Облыстық байқаудың үш жүлдегері топ жарды: криминалдық полиция басқармасының жедел уәкілі Қуаныш Зарипов. Полиция капитаны бірінші орынға ие болып, «Абай облысының үздік жедел уәкілі» атағын алды. Екінші орынға ІІО ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының аға жедел уәкілі Бақытжан Төлегенов ие болды, үшінші орынға Семей қаласы полиция басқармасы Затон полиция бөлімінің криминалдық полиция бөлімінің аға жедел уәкілі Ренат Бейсенов иеленді.
Басқа полиция қызметкерлері де жақсы нәтиже көрсетіп, номинациалар алды: «Үздік спринтер» номинациясында Көкпекті ауданы полиция бөлімінің криминалдық полиция бөлімшесінің жедел уәкілі Рустам Құрмашев марапатталды; «Үздік самбашы» номинациясына Семей қаласы полиция басқармасы Орталық полиция бөлімінің криминалдық полиция бөлімшесінің жедел уәкілі Арыстан Жантемиров, ал «Үздік атқыш» номинациясына Жарма ауданы полиция бөлімінің жедел уәкілі Азамат Акатов иеленді.