Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Абай облысында вейптің заңсыз саудасы бойынша тексеріс жүріп жатыр

Абай облысында вейптің заңсыз саудасына қатысты мәліметтер тексерілуде, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Абай облысында өткізіліп жатқан "Учаске" жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында полиция қызметкерлері тұрғындардан түскен вейптің заңсыз сатылуы туралы мәліметтерді мұқият талдап, тиісті тексерістер жүргізуде. Нәтижесінде тыйым салынған өнімді өткізуге қатысты екі дерек анықталып, расталды.

Аталған фактілер бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 301-1-бабы шеңберінде сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Айғақ зат ретінде алынған вейптер сараптамаға жолданды. Тауардың қайдан жеткізілгені және оны сатуға қатысы бар тұлғалар анықталуда.

Вейптердің заңсыз айналымына жол бермеу бағытындағы профилактикалық жұмыс жалғасып жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру