Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Абай облысында заңсыз айналымнан 415 келі есірткі тәркіленді

Абай облысында заңсыз айналымнан 415 келі есірткі тәркіленді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Нашақорлық пен оған қатысты құқық бұзушылықтар қоғам қауіпсіздігі мен ұлт денсаулығына төнген өзекті қауіптердің бірі. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Семей қаласы полиция басқармасы есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімінің бастығы Алиман Бегешханов айтты.

Абай облысы бойынша биыл заңсыз есірткі айналымы саласында 185 құқық бұзушылық анықталды. Оның ішінде 85-і ауыр және аса ауыр санаттағы қылмыстарға жатады.

– Заңсыз айналымнан 415 келі түрлі есірткі заттары тәркіленді, оның ішінде марихуана, гашиш және психотроптық заттар бар. Ауыр қылмыс жасағаны үшін 30 адам ұсталды, олардың бірі – облыс орталығындағы колледж студенті, кәмелетке толмаған жасөспірім, – деді Алиман Бегешханов.

Сондай-ақ Бегешханов 1 маусым мен 31 қазан аралығында облыс аумағында есірткі өсіру мен таратудың алдын алу мақсатында "Қарасора – 2025" жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіліп жатқанын еске салды.

– Іс-шара басталғаннан бері Абай облысында 97 есірткі құқық бұзушылығы анықталды. Облыстағы өзекті мәселенің бірі – халық арасында "тұз" деп аталатын синтетикалық есірткілердің таралуы. Соңғы үш жылда наркологиялық есептегі адамдар саны да артқан, - деп атап өтті спикер.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру