Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Абай облысында заңсыз аңшылық анықталды

Абай облысында заңсыз аңшылық анықталды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Абай облысының полиция қызметкерлері Үржар ауылынан 78 шақырым қашықтықта жүргізілген тексеру барысында "Ямаха" қарда жүретін көлігін тоқтатты. Көліктің рөлінде елорда тұрғыны, 38 жастағы азамат болды. Бірақ тәртіп сақшыларының назарын тек жүргізуші ғана емес, оның жүксалғыш бөлімі де аударды. Тексеру барысында жүк бөлімінен екі еліктің ұшасы табылды.

Осы факт бойынша жүргізілген тергеу барысында жабайы аңдарды аулау заңсыз болғаны анықталды. Қазіргі таңда бұл іс бойынша алдын ала тергеу басталды.

- Заңсыз аңшылық табиғат пен экожүйеге үлкен зиян келтіреді. Құқық қорғау органдары мұндай құқық бұзушылықтарды ерекше бақылауда ұстайды, әсіресе қыс мезгілінде, жабайы жануарлар ең әлсіз кезеңін өткеріп жатқан уақытта. Азаматтарды табиғатты құрметтеуге және қоршаған ортаны қорғау заңдарын сақтауға шақырамыз, — деп атап өтті Абай облысы полиция департаментінің бастығы Бектөре Сұлтан.

Полиция заңсыз аңшылық жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілік, соның ішінде бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылғанын еске салады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру