Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Абай облысында "Заңсыз келуші" жедел-профилактикалық іс-шарасы қорытындыланды

Абай облысының аумағында көші-қон заңнамасын бұзушыларды анықтау және заңсыз көші-қон арналарының жолын кесу мақсатында ұйымдастырылған "Заңсыз келуші" жедел-профилактикалық іс-шарасы қорытындыланды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Аталған іс-шара аясында полиция қызметкерлері облыс аумағында тұрып жатқан шетел азаматтарының заңдылығын тексеру бойынша кең көлемді жұмыстар жүргізді. Іс-шара барысында жалпы саны 3537 шетел азаматы тексерілді. Оның ішінде 1832 шетел азаматы уақытша тіркелген, 1750 шетел азаматы тұрақты тіркеуде болған.

Тексеру нәтижесінде Қазақстан Республикасының көші-қон заңнамасын бұзған бірқатар дерек анықталды. Атап айтқанда, ТМД-ға мүше елдерден келген 128 шетел азаматының, сондай-ақ алыс шетелдерден келген 49 азаматтың елімізде рұқсатсыз еңбек қызметімен айналысқаны анықталып, жолы кесілді.

Сонымен қатар шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды қабылдаған кезде көші-қон саласындағы заңнама талаптарын сақтамаған 88 Қазақстан азаматы анықталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру