Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Абай облысында "Заңсыз келуші" жедел-профилактикалық іс-шарасы жалғасуда

Абай облысында "Заңсыз келуші" жедел-профилактикалық іс-шарасы жалғасуда, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Абай облысында көші-қон заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында полиция қызметкерлері "Заңсыз келуші" жедел-профилактикалық іс-шарасын жалғастыруда.

Іс-шара барысында Қазақстан Республикасының аумағында болу тәртібін бұзған 82 шетел азаматы анықталып, олардың заңсыз әрекеттеріне тосқауыл қойылды. Сонымен қатар шетелдік азаматтарды заңсыз қабылдаған жеке және заңды тұлғаларға қатысты тексеру жүргізіліп, құқық бұзушылықтардың жолы кесілуде.

Бұл іс-шара көші-қон саласындағы жағдайды тұрақтандыру, қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ұйымдастырылған. Мұндай рейдтік жұмыстар алдағы уақытта да тұрақты түрде жалғасын табады.

Қазақстан Республикасының аумағында уақытша немесе тұрақты негізде тұратын шетел азаматтары көші-қон заңнамасының талаптарын бұлжытпай орындауға міндетті. Сондай-ақ жеке және заңды тұлғалар шетел азаматтарын тіркеу, тұрғылықты жері бойынша есепке қою және жұмысқа тарту кезінде қолданыстағы заң талаптарын сақтауы тиіс.

Тұрғындар арасында көші-қон заңнамасының талаптарын түсіндіру және оны бұзудың салдарларын ескерту мақсатында құқық қорғау органдары жүйелі түрде ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Заң бұзушылық фактілері анықталған жағдайда, кінәлі тұлғаларға қатысты тиісті шаралар қолданылып, олар әкімшілік жауапкершілікке тартылады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру