Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Абай облысында жас курсанттар колония жұмысымен танысты

Абай облысында жас курсанттар колония жұмысымен танысты, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Абай облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №23 мекемесінде Ш.Кабылбаев атындағы Қостанай академиясының екінші курс тыңдаушылары болашақ мамандығымен танысу тәжірибесінен өтті.

Жыл сайын Академия курсанттары Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің аумақтық бөлімшелерінде өз мамандықтарына сәйкес өндірістік тәжірибеден өтіп, өз ісінің кәсіби мамандары болуға дайындалады.

Академияда оқу барысында курсанттар ҚАЖ жүйесі туралы теориялық білім алады, алайда мекеме қызметкерлерінің нақты қалай жұмыс істейтінін әркім елестете алмайды. Осы мақсатта ұйымдастырылған танысу тәжірибесі барысында болашақ қызметкерлерге бейнебақылау жүйесінің қалай жұмыс істейтіні көрсетілді, кезекші бөлімнің қызметімен танысты. Ерекше көңіл сотталғандармен жүргізілетін тәрбиелік жұмыстарға бөлінді. Тәжірибеден өтушілер мекемеде өткізілетін тінту шараларына қатысты, сондай-ақ отряд тәрбиешілер кеңесінің отырысына қатысып, онда сотталғандарға жаза қолдану немесе марапаттау мәселелері қаралғанына, тәрбие бөлімі қызметкерлерінің сотталғандармен тәрбиелік әңгімелер жүргізгеніне куә болды.

– Курсанттардың осындай танысу тәжірибелерінен өтуі ішкі істер органдары үшін білікті кадрларды даярлау мақсатында өте маңызды. Бұл – болашақ жас мамандарға қызмет етіп жүрген қызметкерлерден тәжірибе мен білім алуға жақсы мүмкіндік. Мұндай тәжірибе болашақ құқық қорғау органдары қызметкерлерінің практикалық дайындығын нығайтып, кәсіби дағдылардың қалыптасуына септігін тигізеді деп ойлаймын, – деді мекеме бастығының орынбасары Сабиева Анара.

— Біз не көрдік және қандай әсер алдық? Бұл мекемеде жұмыс істеу үшін адам эмоционалды түрде төзімді, тез бейімделетін және ең бастысы – сауатты болуы қажет. Себебі сотталғандардың әрқашан сұрақтары мен мәселелері көп, оларды дер кезінде шешіп, заңгерлік көмек көрсетіп, сонымен қатар тәрбиелік жұмыспен де үнемі айналысу керек, – деп бөлісті Академия курсанттары алған әсерімен.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру