Абай облысында жас мамандарды құқық қорғау органдарына жұмысқа тарту шаралары белсенді жүргізілуде
Абай облысында жас мамандарды құқық қорғау органдарына жұмысқа тарту шаралары белсенді жүргізілуде, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Облыс орталығында жоғары оқу орындары мен спорт колледждерінің студенттері, сондай-ақ тәрбие және кадр жұмысы басқармасы мен ЖҚАЖ қызметкерлерінің қатысуымен кездесу өтті. Кездесудің негізгі мақсаты – ішкі істер органдарында қызмет ету мүмкіндіктері, кандидаттарға қойылатын талаптар және мансаптық болашақ туралы ақпарат беру.
Жас мамандарға ұсынылатын әлеуметтік кепілдіктер мен қолдау шаралары түсіндірілді. Арнайы назар физикалық дайындыққа аударылып, полицияға тек білімді ғана емес, сондай-ақ шыдамды, мотивациясы жоғары кадрлар қажет екендігі ерекше атап өтілді.
- Біз өз қатарамызға ақылды, энергиясы мол, мақсаткер жастарды тартуға мүдделіміз, олар заңға және қоғамға қызмет етуге дайын болулары керек. Бүгінгі таңда жастар ІІМ-де табысты мансап құру үшін барлық мүмкіндіктерге ие, – деді тәрбие және кадр жұмысы басқармасы бастығының орынбасары Асхат Слямов.
Осындай кездесулер облыстың басқа оқу орындарында және полицияның жергілікті бөлімшелерінде ашық есік күндері форматында жалғасады.