Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Абай облысында "Жас сақшы" полиция сыныбының оқушылары салтанатты түрде ант қабылдады

Абай облысында "Жас сақшы" сыныбының 17 оқушысы салтанатты түрде ант қабылдады, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Абай облысында Тәуелсіздік күніне орай тағылымды әрі әсерлі салтанатты іс-шара ұйымдастырылды. №40 жалпы білім беретін мектепте "Жас сақшы" полиция сыныбының 5-сыныпта оқитын 17 оқушысы алғашқы анттарын қабылдап, патриотизмге, елге адал қызмет етуге деген ниеттерін айқын көрсетті.

Салтанатты рәсімнің әрбір сәті ерекше әсерге толы болды. Кадеттердің жүзіндегі толқу мен мақтаныш, жарқыраған жанарлары – олардың бойындағы шынайы патриоттық рухтың айқын белгісі. Бұл маңызды оқиға тек жас кадеттер үшін ғана емес, мектеп ұжымы мен ата-аналар үшін де ұмытылмас сәтке айналды.

Ант қабылдау барысында оқушылар абырой мен батылдық жолын таңдағандарын, Отан алдындағы жауапкершілікті терең сезінетіндерін паш етті. Іс-шара аясында балаларға құқықтық тәртіптің, заңға құрметтің және азаматтық борышты адал атқарудың маңызы кеңінен түсіндірілді. Аталған рәсім – жас ұрпақты патриоттық рухта тәрбиелеудің маңызды әрі мазмұнды кезеңі.

Абай облысы полиция департаменті жас сақшыларға оқуда табыс, батылдық пен адал қызмет етуге деген ұмтылыс тілеп, олардың әрбір қадамы елге деген сүйіспеншілік пен абыройлы өмір жолының берік бастамасы боларына сенім білдірді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру