Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Абай облысында жедел уәкіл қызметінің қыр-сырымен бөлісті

Бородулиха ауданы полиция бөлімінің полиция аға лейтенанты Темірлан Аубакиров қызметінің қыр-сырымен бөлісті, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Жедел уәкіл болу – жай ғана мамандық емес. Бұл – өмірлік ұстаным, жауапкершілікке толы жол және қоғам алдындағы мәңгілік борыш. Бородулиха ауданы полиция бөлімінің полиция аға лейтенанты Темірлан Аубакиров бұл міндетті шынайы жан-тәнімен сезінеді. Ол күн сайын қызметке тек тапсырма үшін емес, азаматтардың амандығы үшін шығады.

– Менің басты мақсатым – ел ішіндегі тыныштықты сақтау, адамдарды қылмыстық әрекеттерден қорғау. Қоғамда түрлі заң бұзушылықтар орын алып жатады. Әр адам өз отбасын аман көргісі келеді. Бірақ тек үмітке сеніп отыру жеткіліксіз, – дейді Темірлан Бауржанұлы.

Оның бір күні бірнеше тергеу амалдарынан, оқиға орындарына барудан, жәбірленушілер мен күдіктілерден жауап алудан, дәлелдер жинаудан тұрады. Бұл қызмет үлкен төзімділікті, сабырлылықты және терең кәсіби білімді талап етеді. Сағатпен шектелмейтін жұмыс.

– Бұл мамандық ғасырлар бойы өзектілігін жоғалтпаған. Қай заманда да қоғамда әділетсіздікпен күресетін жандар қажет болады. Қылмысқа қарсы күресте біз – алдыңғы шептеміз.

Погон тағу – мен үшін үлкен абырой. Бұл – сенім мен жауапкершіліктің символы. Мен өз мамандығымды мақтан тұтамын және осы жолды таңдағаныма еш өкінбеймін, – дейді офицер нық сеніммен, - дейді тәртіп сақшысы.

Темірлан үшін бұл қызмет – жай ғана жұмыс емес. Ол өз айналасындағылардың – отбасының, достарының, көршілерінің және жалпы халықтың қауіпсіздігі үшін алаңдайды. Әр адамның үйіне алаңсыз оралып, балалары еркін ойнап, аналар қорықпай жұмысқа бара алатын ел болуын қалайды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру