Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Абай облысында "Жиһаз онлайн" үш күндік ЖПІШ қорытындысы шығарылды

Абай облысында "Жиһаз онлайн" үш күндік ЖПІШ қорытындысы шығарылды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Абай облысының полицейлері жиһаз өнімдерін сату, сатып алу және дайындау барысында орын алатын онлайн алаяқтықтардың алдын алу мақсатында "Жиһаз онлайн" жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізді.

Үш күндік тексеріс барысында 26 жиһаз цехы мен жиһаз өнімдерін сататын 48 онлайн-дүкен қаралды.

Іс-шара нәтижесінде интернет арқылы жиһаз дайындау қызметіне қатысты бұрын жасалған 2 алаяқтық фактісі ашылды. Сонымен қатар интернет кеңістігін мониторингтеу кезінде алаяқтық белгілері бар 50 заңға қайшы сайт анықталды. Киберқылмысқа қарсы күрес басқармасы алаяқтар жариялаған 4 жалған хабарландыруды анықтап, бұғаттады.

Полиция тұрғындарға интернет арқылы жиһазға тапсырыс беру кезінде сақ болуды, сайттардың шынайылығын тексеруді, пікірлер мен сатушы туралы ақпаратты мұқият зерттеуді ұсынады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру