Абай облысында жол қауіпсіздігіне бағытталған іс-шара қорытындыланды
Абай облысында жол ережесін бұзудың 443 дерегінің жолы кесілді, - деп хабарлайды Polisia.kz.
23–25 қаңтар аралығында Абай облысында жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыру және жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында "Қауіпсіз жол" жедел-профилактикалық іс-шара өткізілді. Іс-шара аясында полиция қызметкерлері облыс аумағындағы автожолдар мен елді мекендерде рейдтер ұйымдастырып, жол қозғалысы ережелерінің сақталуын қатаң бақылауға алды.
Профилактикалық шара нәтижесінде облыс көлемінде жол қозғалысы ережелерін бұзудың 443 дерегі анықталды. Ең жиі тіркелген құқық бұзушылықтар қатарында:
-
маневр жасау ережесін бұзу — 124 дерек;
-
жолаушылар мен жүктерді тасымалдау талаптарын сақтамау, қауіпсіздік белдігін пайдаланбау — 215 дерек;
-
жаяу жүргіншілердің жол қозғалысы ережелерін бұзуы — 125 дерек;
-
жарық уақытында сыртқы жарық құралдарын қоспау — 220 дерек.
Полиция қызметкерлері мұндай жедел-профилактикалық іс-шаралар жол қозғалысына қатысушылардың тәртібін жақсартуға және жол-көлік оқиғаларының алдын алуға ықпал ететінін атап өтті. Сонымен қатар жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге жол қозғалысы ережелерін сақтау, бір-біріне құрмет пен жауапкершілік танытудың маңыздылығы ескертілді.
Абай облысы полиция департаменті азаматтарды жолдағы әрбір әрекет өз өміріне ғана емес, өзге адамдардың қауіпсіздігіне де тікелей әсер ететінін ұмытпауға шақырады. Барлық жол қозғалысына қатысушыларды сақтық танытып, өзара сыйластық пен жауапкершілікті басты қағида етуге үндейді.
