Абай облысында жол қауіпсіздігіне жауапкершілік күшейтілуде
Абай облысында жол қауіпсіздігіне жауапкершілік күшейтілуде, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Абай облысында жол қауіпсіздігіне төнетін басты қауіп — жүргізушілердің жүгенсіз әрекеттері болып отыр. Жол апаттарының жалпы саны азайғанымен, олардың басты себептері өзгеріссіз қалып отыр: жылдамдықты шамадан тыс арттыру, қауіпті маневр жасау және жолда өзін жауапсыз ұстау.
— Қоғамымызда жүргізу мәдениеті әлі де қалыптасу кезеңінде. Жылдамдықты арттырып, ережені елемеу, қарапайым жауапкершілікті сезінбеу — орны толмас қайғыға соқтырады. Бұл жағдайлардың куәсі ең алдымен — тәртіп сақшылары, — деп атап өтті Абай облысы полиция департаментінің ресми өкілі Дина Амренова.
Өз кезегінде жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Асет Утепов тек профилактикалық шаралармен шектелу жеткіліксіз екенін баса айтты.
— Біз күн сайын жолдағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін қызмет атқарамыз. Алайда, ең қатаң шаралар да жүргізушілер жол ережесінің басты қағидаларын — жылдамдықты сақтау, зейінділік пен өзара құрметті — саналы түрде түсінбейінше, оң нәтиже бермейді, - деді ол.
Осыған орай, республикалық маңызы бар жол учаскелерінде, атап айтқанда: Омбы – Майқапшағай (733–729 км, 809–814 км), Алматы – Өскемен (902–901 км) - жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында келесі инфрақұрылымдық шаралар жүзеге асырылды:
- Жылдамдықты шектеу белгілері (90, 70, 50 км/сағ) орнатылды,
- Жол тарылатынын ескертетін белгілер қойылды,
- Жүргізушілердің назарын аудару үшін жарық стробоскоптары орналастырылды.
Полиция жол қауіпсіздігі — ең алдымен әр жүргізушінің жеке жауапкершілігіне байланысты. Камера да, рейд те ішкі тәртіп пен саналы тәртіпті алмастыра алмайды. Жол ережесін сақтау, өзара құрмет пен тәртіп қана қайғылы оқиғалардың алдын алатындығын ескертеді.