Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Абай облысында жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында автошеру өтті

Абай облысында республикалық “Ақ жол” акциясы аясында Жол қозғалысы қауіпсіздігі күніне арналған автошеру өтті, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Шеру Семей қаласындағы Орталық мешіттен бастау алды. Алдымен жол-көлік оқиғасынан кейін зақымданған жеңіл көлікті сүйреп келе жатқан эвакуатор жүріп отырды — бұл жол ережелерін елемеудің салдарын көрсетті. Артынан мотоциклисттер колоннасы, соңынан жол патрульдік полициясының автокөлігі ерді. Бағыт қаладағы негізгі көшелер арқылы өтіп, Қарағайлы шағын ауданында аяқталды.

Шара тұрғындардың қызығушылығын тудырып, нағыз қауіпсіздік сабағына айналды. Негізгі мақсат — жол қозғалысына жауапкершілікпен қарауды қалыптастыру, жол апаттарының алдын алу және адам өмірін сақтау.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру