Абай облысында ЖҚАЖ қызметкері оқушылармен мотивациялық кездесу өткізді
Абай облысында ЖҚАЖ қызметкері оқушылармен мотивациялық кездесу өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
№5 көпсалалы гимназия базасында жедел қимылдайтын арнайы жасағының аға инспекторы Жайдар Хасеновпен оқушылардың мотивациялық кездесуі өтті. Шара "Спорт пен қызмет – табыстың қос қанаты" тақырыбында ашық форматта ұйымдастырылды.
Кездесу барысында офицері ішкі істер органдарындағы қызметті спортпен қатар алып жүру тәжірибесімен бөлісіп, тәртіп, мақсатқа ұмтылу және өз-өзін үнемі дамыту табысқа жетудің негізгі шарттары екенін атап өтті. Офицердің айтуынша, спорт адамды шыңдап қана қоймай, мінезді қалыптастырады, жеңіс пен жеңілісті дұрыс қабылдауға үйретеді. Ал полиция қызметінде жауапкершілік, батылдық және әділдік қағидаттары ерекше маңызға ие.
Сонымен қатар, кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, салауатты өмір салтын ұстану, дұрыс орта таңдау және ата-ана мен ұстаздарды құрметтеу мәселелеріне ерекше назар аударылды. Кездесу еркін әрі мазмұнды диалог форматында өтті.
Оқушылар полиция қызметі мен спорттағы жетістіктер туралы өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, тұшымды жауап алды. Мұндай іс-шаралар жастардың құқықтық сауатын арттырып, патриоттық рухын нығайтуға және жеке дамуына оң ықпал етеді.
