Абай облысында жұмысшы түзеу мекемесіне телефон алып кірмек болған
Абай облысы ҚАЖ департаментіне қарасты №20 мекеме жедел және тәртіп бөлім қызметкерлері түзеу мекемесі аймағына тыйым салынған заттың кіруінің алдын алды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Өндірістік аймақта қызмет жасайтын жеке кәсіпкерге орман ағаштарын акелген Б. есімді азамат жүргізген ГАЗель автотранспортты тексеру барысында көлік кабинасының төбесінен Nokia телефоны, Power bank қуаттағышы және USB, AUX кабелдері тәркіленді.
Бүгінгі таңда Б. есімді азаматқа қатысты әкімшілік хаттама толтырылды.
– Өкінішке орай, қанша жерден сотталғандар мен туыстарына тыйым салынған заттарды мекеме аумағына кіргізуге болмайтыны жайында түсіндіру жұмыстарын жүргізсек те, олар кіргізуге тырысады, – деп түсіндіріп өтті жедел бөлімі қызметкері Секенов Мерей.