Абай облысында жыл басынан бері ұрланған 600-ге жуық мал иелеріне қайтарылды
Абай облысында жыл басынан бері ұрланған 567 мал иелеріне қайтарылды, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Жыл басынан бастап Абай облысында мал ұрлығына қатысты қылмыстарды ашу және алдын алу бағытында полиция қызметкерлері жүйелі жұмыс жүргізіп келеді. Сол іс-шаралардың нәтижесінде жәбірленушілерге жалпы құны 159 820 мың теңгені құрайтын 567 ұрланған мал қайтарылды.
Полиция өкілдері мұндай нәтижелердің жедел әрекет ету, ауылдық округ әкімдіктерімен тығыз ынтымақтастық, ақпарат алмасудың уақтылы жүргізілуі және ауыл тұрғындарының қауіпсіздікті қамтамасыз етуге белсенді қатысуы арқылы мүмкін болғанын атап өтті.
Мал ұрлығын болдырмау мақсатында тұрғындарға келесі шараларды ұстану ұсынылады:
үй жануарларын қадағалап, бақылаусыз жайылымға жібермеу;
малды таңбалау және басқа сәйкестендіру құралдарын пайдалану;
қора-жайлар мен жайылымдарға бейнебақылау камералары мен жарықтандыру орнату;
малдың жоғалуы немесе күдікті тұлғалар анықталған жағдайда дереу полицияға хабарлау.
Абай облысы полициясы тек құқық қорғау органдары мен халықтың бірлескен жұмысы арқылы ғана қылмыстарды уақтылы анықтап, алдын алуға және азаматтардың мүлкін қорғауға мүмкіндік тудыратындығын атап өтті.
