Абай облысында жыл басынан бері ұсақ бұзақылықтар үшін 2300-ден астам адам жауапкершілікке тартылды
Абай облысында жыл басынан бері ұсақ бұзақылықтар үшін 2300-ден астам адам жауапкершілікке тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Абай облысы полиция департаментінің полицейлері қылмыстық құқық бұзушылықтарға қарсы күрестен басқа, қоғамдық орындардың ластануына байланысты құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша профилактикалық жұмыстарды тұрақты негізде жүргізеді. Алайда тұрғындар тарапынан қоршаған ортаның тазалығына немқұрайлы қарайтындар, қоқыс пен қалдықтарды кез келген жерге лақтыратындар да кездеседі.
Жыл басынан бері полицейлер 2 327 құқық бұзушыға қатысты жалпы пайдалану орындарын ластағаны үшін әкімшілік хаттамалар толтырды.
Мысалы жедел басқару орталығының бейнебақылау камераларының көмегімен ғана тәртіп сақшылары ұсақ бұзақылықтың 403 фактісін анықтады. Анықталған фактілер бойынша құқық бұзушылар әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Жалпыға ортақ пайдаланылатын орындардың, саябақтардың, скверлердің ластануы, оның ішінде коммуналдық қалдықтарды белгіленбеген орындарға шығару әкімшілік айыппұл салуға әкеп соғады. Қайталанған бұзақылық үшін айыппұл көзделген.