Абай облысында жылдамдық режимін бұзудың мыңнан астам дерегі анықталды
Абай облысында жылдамдық режимін бұзудың мыңнан астам дерегі анықталды, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Абай облысында жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы жүйелі жұмыс жалғасуда. Жыл басынан бері республикалық маңызы бар тас жолдарда жылдамдықты арттырудың 1000-нан астам фактісі тіркеліп, олардың жолы кесілді.
Өңір аумағында "ZEREK-2" аппараттық-бағдарламалық кешені табысты жұмыс істеп келеді. Бұл заманауи жүйе көліктің нақты және орташа жылдамдығын тіркеу арқылы жол қозғалысы ережелерінің сақталуын қадағалауға мүмкіндік береді. Аталған кешен арқылы орташа жылдамдықты арттырудың 366 дерегі анықталды.
Уақытылы қабылданған шаралардың нәтижесінде 200-ден астам ықтимал жол-көлік оқиғасының алдын алу мүмкін болды. Бұл – ондаған адамның өмірін сақтап қалуға сеп болатын маңызды қадам.
Полиция барлық жүргізушілерді жолда жылдамдық режимін сақтауға шақырады. Бұл – тек заң талабы ғана емес, жол қозғалысына қатысушылардың өмірі мен денсаулығының кепілі. Жол ережесінің әрбір сақталуы – өзіміздің, отбасымыздың және айналамыздағы адамдардың қауіпсіздігіне қосылған үлес.