Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Абай облысындағы әйелдер колониясында ашық есік күні өтті

Қазақстан халқының бірлігі күніне орай Абай облысындағы әйелдер колониясында ашық есік күні өтті, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Абай облысындағы әйелдер колониясында Қазақстан халқының бірлігі күні қарсаңында сотталған әйелдер туыстарымен кездесті. Бұл — биылғы жылы өткізілген осындай екінші шара. Іс-шараның форматы 1 мамыр мерекесіне арналды. Мекеме әкімшілігі сотталғандармен бірлесе отырып, бұл күнді ерекше әрі бейресми түрде атап өтуді ұйғарды.

Қонақтарды ұлттық киім киген сотталғандар қарсы алды. Кейін көрермендер Қазақстандағы түрлі этностардың халық билерін, патриоттық әндер мен достық пен келісім туралы театрландырылған көріністерді тамашалады. Концертті сыған, жапон, қырғыз және басқа да ұлттардың билері әрледі.

62 жастағы әженің үш жасар немересімен кездесуі ешкімді бей-жай қалдырмады. Аса ауыр қылмыс — адам өлтіргені үшін жазасын өтеп жатқан әйел үшін бұл кездесу көптен күткен сәт болды. Павлодардан келген баланың ата-анасы немерені көрсетуге асықпады, сәл есейгенін күткен. Баланы құшақтаған кезде сотталған әйелдің көзінен қуаныш пен өкініштің жасы қатар ақты — немересінің алғашқы қадамдарын көре алмағанына өкінді.

— Отбасының қолдауы — бостандықтан айырылғандар үшін өте маңызды. Көптеген сотталғандар мұны тек үйінен жырақта болғанда ғана түсіне бастайды. Мұндай кездесулер кезінде жақындары оларды барынша қолдайды. Осындай шаралар сотталғандардың жақындарымен байланысын сақтап қалуға және олардың қоғамға қайта бейімделуіне септігін тигізеді. Осындай шаралар сотталғандардың жақындарымен байланысын сақтап қалуға және олардың қоғамға қайта бейімделуіне септігін тигізеді, — деп атап өтті мекеме басшысының орынбасары Анара Сабиева.

Концерттен кейін қонақтар үшін мекеме аумағы бойынша экскурсия ұйымдастырылды. Олар сотталғандардың ұсталуы мен еңбек жағдайларымен танысты.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру