Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Абай облысындағы әйелдер колониясында халықаралық Нельсон Мандела күні атап өтілді

Абай облысындағы әйелдер колониясында халықаралық Нельсон Мандела күні атап өтілді,  – деп хабарлайды Polisia.kz.

Халықаралық Нельсон Мандела күні аясында, Абай облысындағы әйелдер колониясында мәдени іс-шаралар өткізілді, оның барысында сотталғандар Н.Манделаның өмірбаянымен танысып, 27 жыл бойы түрмеде отырғаны жайлы сюжеті сипатталған “Бостандыққа апарар ұзақ жол” фильмін тамашалады.

Келесі кезекте әйелдер арасында спорттық жарыстар мен шахматтан турнир өткізілді. Спорттық сайысқа 5 команда қатысты, әр командада капитан және 7 қатысушы болды. Жарыс үш кезең бойынша өтті: эстафета, арқан тартыс, ойын соңында №2 отрядтың сотталғандары жеңіске жетті.

– Шараға барлығы 60 сотталған қатысты. Сотталғандардың 20-сы шахмат турниріне, 40-ы спорттық шараға қатысты. Турнир мен спорттық жарыстың жеңімпаздары мақтау қағаздарымен марапатталды, – дейді сотталғандар арасындағы тәрбие және әлеуметтік-психологиялық жұмысы бойынша бөлімінің бастығы Ақмарал Қайранова.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру