Абай облысындағы әйелдер колониясында Республика күніне арналған концерт өтті
Абай облысындағы әйелдер колониясында Республика күніне арналған концерт өтті, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Абай облысының әйелдер колониясында Республика күніне орай мерекелік іс-шара өтті.
Мемлекеттік мерекеге арналған концерттік бағдарламаға патриоттық әндер, өлеңдер, би және шағын көріністер енді. Қатысушылар өз өнері арқылы Отанға деген сүйіспеншілігін, тәуелсіз Қазақстанның тарихы мен дәстүрлеріне деген құрметін, сондай-ақ рухани жаңғыру мен түзелуге деген ұмтылысын білдірді.
Іс-шараға шамамен 60 сотталған әйел қатысты. Олар концерттік бағдарламаға үлкен жауапкершілікпен қарап, әр нөмірге өз жүрек жылуын қосты.
Концерт қорытындысы бойынша белсенді қатысушылар алғыс хаттармен марапатталды.
Шара барысында мекеме әкімшілігі мен қызметкерлеріне көрсеткен қолдауы мен мәдени іс-шараларды ұйымдастыруға көмектескені үшін ризашылық сөздері айтылды. Бір сотталған әйел өзінің шынайы алғысын білдіріп, мұндай іс-шаралар бірлік сезімін ұялататынын, өмірге мән беретінін және өздерін жақсы қырынан көрсетуге мүмкіндік тудыратынын атап өтті.
Сотталғандар арасындағы тәрбие бөлімінің бастығы Ақмарал Қайранова мұндай іс-шаралардың сотталғандардың патриоттық сезімін, мемлекеттік рәміздерге құрметін және Отанға деген сүйіспеншілігін қалыптастыруда, сондай-ақ олардың рухани-адамгершілік және мәдени тұрғыда дамуына зор ықпал ететінін атап өтті.