Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Абай облысындағы әйелдер колониясында жаңа тігін цехы ашылды

Абай облысындағы әйелдер колониясында жаңа тігін цехы ашылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Абай ауданындағы қауіпсіздік деңгейі орташа мекемеде жаңа тігін цехы ашылды. Аталған мекемеде әйелдер қалыпты және жеңіл қамау жағдайында жазасын өтеп жатыр.

Бір ауысымда бес күндік жұмыс режимінде цех шамамен 20-30 адамды еңбекке тартуға мүмкіндік береді. Демек, сотталғандар еңбекақы алып, мемлекет пен азаматтарға келтірілген шығынды өтейді. Бұл біздің ортақ мақсатымыз.

– Жаңа өндіріс сотталғандарға пайда әкеледі деген ойдамын. Тек материалдық қана емес, сотталған әйелдерге моральдық көмек болары сөзсіз. Бүгінгі күні цех 100%-ға дайын, барлық инженерлік коммуникациялық үй-жайларға қосылған. Өндіріс заманауи тігін құралдарымен жабдықталған, – деп атап өтті мекеме бастығының орынбасары Ернат Байжуменов.

– Облыстағы өндірістік қуатты кеңейтудегі прогрессивті қозғалыстың тағы бір қадамы – мекеменің маңызды міндеттерінің бірін орындау. Яғни сотталғандарды ақылы еңбекке тарту, – дейді  №23 қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінің сотталғандарды жұмыспен қамту бөлімінің инспекторы Алтынай Ұлтамбаева.

Қазірдің өзінде тігін өндірісінде 5-ке жуық адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Әрбір сотталған мекемедегі кәсіптік білім беру мектебінде «Тігінші» мамандығы бойынша оқудан өтіп, сонымен қатар шебер ұстаздардың жетекшілігімен тағылымдамадан өтті.

– Америкалық дизайндағы камуфляждық матадан комбинезон тігу бойынша қызмет көрсетуге қысқа мерзімді тапсырыс алдық. Бірінші партия жақын арада дайын болуы керек, – дейді тігін цехының меңгерушісі Күмісқайша Әбдірахманова.

Бүгінгі таңда мекемеде 5 өндіріс орны бар, онда 100-ге жуық жазасын өтеп жатқан әйелдер жұмыс істейді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру