Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Абай облысындағы колонияда екі сотталушының неке қию рәсімі өтті

Абай облысындағы колонияда екі сотталушының неке қию рәсімі өтті, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Абай облысындағы қауіпсіздігі аралас мекемеде бір күнде екі сотталушы өз сүйіктілерімен отбасын құрды. Екі жұптың некелесу күні кездейсоқ бір күнге белгіленбеген. Қалыңдықтардың айтуынша, жылдың ең қысқа айында ескі қарым-қатынасты некемен бекіту – бақыт пен тұрақтылық әкелетін ең сәтті уақыт. Ең бастысы екі сотталушының бостандыққа шығу мерзімі жақындап, жаңа жұптар жаңа өмірді жаңа мақсаттар мен жоспарлармен бірге бастауға бел буған.

- Бүгінгі қалыңдығыммен бұрыннан жақсы қарым-қатынаста едік. Басыма іс түсіп, бостандығымнан айырылғанда, ол мені үнемі қолдап, хабарласып отырды. Жасаған қылмысым үшін қатты өкінемін. Өмірімді өзіме сенген адаммен қателіксіз қайта бастағым келеді,, – дейді сотталушылардың бірі.

Қазақстан Республикасының "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" кодексіне сәйкес, сотталғандар некеге тұру туралы өтінішпен мекеме әкімшілігіне жүгінуге құқылы.

- Отбасын құру сотталғанды түзетуге және мерзімінен бұрын босатуға ынталандырады, – дейді мекеме бастығының орынбасары Айдын Калелов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру