Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Абай облысындағы колонияда пластикалық терезелер шығаратын цех ашылды

Абай облысындағы колонияда пластикалық терезелер шығаратын цех ашылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Пластикалық терезелерді шығаратын цех осы жылдың шілде айында жұмысын бастап, бүгінгі күні, мұнда жиырма сотталған жұмыс істейді, жыл соңына дейін тағы 10 адамды жұмыспен қамту жоспарлануда. Осылайша сотталғандар, алимент пен жәбірленушілерге келтірілген шығындарын төлеуге мүмкіндік беретін ақылы жұмысқа тартылады.

Бір жұмыс ауысымында цех он шақты пластикалық терезе жақтауларын шығара алады. Олардың жалақысы шығарылған өнім мөлшеріне байланысты. Жасалған терезелер бүкіл қалада және оған жақын аудандарда сатылады.

– Мекемеде барлығы сегіз жеке кәсіпкер мен екі жауапкершілігі шектеулі серіктестігі бар. Олар: кір сабын, шырындар, брусчатка, ұлттық ағаш ыдыстар өндіреді, – дейді сотталғандардың еңбегін ұйымдастыру бөлімшесінің бастығы Дастан Исабеков.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру