Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Абай облысындағы ҚАЖ мекемесінде қақпа алдындағы кездесу өтті

Абай облысындағы ҚАЖ мекемесінде қақпа алдындағы кездесу өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Абай облысы бойынша ҚАЖД №20 мекемесінде «Қақпа алдында кездесу» әлеуметтік жобасы негізінде еңбекке және тұрмысқа орналастыру бойынша аға инспекторының ұйымдастырылуымен босатылған азаматтармен шығарып салу іс-шарасын өткізді. Кездесуге босатылған азаматтың туыстары ғана емес, Абай облысы Семей қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы қызметкері, сонымен қатар пробация қызметкерлері және мекеме заңкеңесшісінің қатысуымен өткізілді.

Кездесу барысында босатылған азаматқа босатылғаннан кейінгі құқықтары мен міндеттері, ішкі істер органдарына, пробация қызметінде профилактикалық тіркелу, қазіргі еңбек нарығындағы жағдайларға бейімдеу жұмыстары жайлы айтылды.

– Жалпы, «Қақпа алдында кездесу» жобасын өткізудің маңыздылығы өте жоғары. Жоба аясында мамандар әлеуметтік байланыстарды орнату, кәсіби білім алу, біліктілігін арттыру, жұмыспен қамту, құқықтық көмек, бағыттары бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізіп, кеңестер берді, – деп түсіндіріп өтті сотталғандарды еңбекке және тұрмысқа орналастыру бойынша аға инспекторының м.а. Роллан Сарсекенов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру