Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Абай облысындағы ҚАЖ мекемесінде қақпа алдындағы кездесу өтті

Абай облысы бойынша ҚАЖД-ға қарасты №20 мекемеде қақпа алдындағы кездесу өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Босатылған азамат Жеңіс (аты өзгертілген) Қазақстан Республикасы ҚК-нің 297-бабының 3-бөлігі бойынша 10 жылға бас бостандығынан айырылған болатын. Жеңіс жазасын толық өтеп, жаза өтеу мерзімінің аяқталуына байланысты босатылды. Жеңісті қақпа алдында 10 жыл өмірінің қиын кезеңінде қолдау көрсетіп, ұзақ уақыт бойы сабырлықпен күткен жұбайы мен төрт бірдей қызы күтіп алды.

Сондай-ақ бұл іс-шараға Семей қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығының қызметкері де қатысты. Кездесуде жазасын өтеп шыққан азаматқа босатылғаннан кейінгі құқықтары мен міндеттері, ішкі істер органдарына профилактикалық тіркелу, қазіргі еңбек нарығындағы жағдайларға бейімдеу жұмыстары жайлы айтылды.

– Жалпы, «Қақпа алдында кездесу» жобасы – өте маңызды іс-шаралардың бірі. Жоба аясында мамандар әлеуметтік байланыстарды орнату, кәсіби білім алу, біліктілігін арттыру, жұмыспен қамту, құқықтық көмек және басқа да бағыттар бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізіп, кеңес береді, – деді ҚАЖД қызметкері Гүлгүл Бейсенбаева.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру