Абай облысындағы ҚАЖД мекемесінде жұмсақ жиһаз жасайтын цех ашылды
Абай облысындағы ҚАЖД мекемесінде жұмсақ жиһаз жасайтын цех ашылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Абай облысындағы қауіпсіздігі орташа мекемесінде жұмсақ жиһаз жасайтын цех ашылды. Цех әр апта сайын 2-3 тапсырыс қабылдаа, бір тапсырысты 15 күннің ішінде дайындап шығарады. Бүгінгі күні аталған цехта 37 сотталған жұмыс істеп жүр. Алдағы екі айдың ішінде жұмысшылардың санын 10 сотталғанға арттырмақ. Сотталғандарлың өтемақысы жасаған жұмыстарына қарай беріледі.
– Бұл мекемеде жазамды өтеп жатқаныма 2 жылдай болды. Мен сотталғаннан кейін әйелім ажырасуға арыз берді. Бүгінгі күні 3 жастағы қызыма алимент төлеп отырмын. Мен темір тордың ар жағынан өз ойымдағыдай жұмыс тапқаныма қуаныштымын. Бостандықта жүргенде жиһаз жасау қолымнан келеді деп ойламаппын. Әрине бас кезінде қиын болды, қазір жұмысым өзіме ұнайды. 4 жылдан кейін жаза өтеу мерзімім аяқталады. Бостандыққа шыққаннан кейін цех ашсам ба деген арманым бар, – дейді сотталған.
– Мекемеде әжетхана қағазын жасайтын, бөдене өсіретін, кір сабын жасайтын, ұлттық ыдыстар жасайтын 10 жеке кәсіп және ЖШС жұмыс істеп тұр. Сотталғандардың өндірісте жұмыс істей отырып жинаған тәжірибелері еңбек нарығында сұранысқа ие. Алған тәжірибелері сотталғандар бостандыққа шыққаннан кейін жұмысқа орналасуына және жаңа өмірге қалыптасуға көмектеседі деп ойлаймын, – деді сотталғандардың еңбегін ұйымдастыру бойынша бөлімінің бастығы Нұрболат Сапаргалиев.